Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ағымдағы жылдың 6 қазанында 36 ай іске асыру мерзімімен 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 1913 конкурстық өтінім ұсынылды. 2 өтінім өтініш берушінің бастамасы бойынша қайтарылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша 1031 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.
Формалды тексеру кезеңінің нәтижелері әрбір өтінім бойынша қоса беріледі (қосымша).
880 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 16-тармағына сәйкес «ұйымдастырушыға және сарапшыға тапсырыс берушінің, өтінім берушінің және өзге де адамдардың қысым не өзге де ықпал көрсетуіне жол берілмейді».