Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-222-11-02 (ішкі нөмерлері 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-19-18, 74-25-88, 74-19-04, 74-20-29; қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 16 қыркүйек.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 17 қазан (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама

13.09.2024
1203